Оңалту орталықтары

Қарағанды мен Теміртау қалаларында «GIO  TRADE» ЖШС базасында үш оңалту орталығы ашылған. Оңалту орталықтарында заманауи құрал-жабдықтар  және мамандардың тәжірибесін пайдалана отырып, аурудан кейінгі емдеу және денсаулығын қалпына келтіру кешенді тұрғыда жүзеге асырылады. Жеке оңалту бағдарламаларын таңдап, қолданады. Емдеу тиімділігін тұрақты түрде бақылайды. Орталықта кардиология және кардиохирургия, неврология және нейрохирургия, травматология және ортопедия салалары бойынша көп жылғы тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.

 Қызметінің мақсаты:

  • Оңалту стандартын енгізу және орындау арқылы денсаулық пен жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру, асқынулардың алдын алу
  • Қозғалыс функцияларын қалпына келтіру, буындардың механикалық және қолмен қалпына келуі
  • Омыртқа ауруларын емдеу
  • Жүрек-қан тамыры аурулары кезінде миокард инфаркт пен инсультке ұшыраған ауруларды оңалту
  • Дәрігерлік бақылау және спорттық медицина, емдік дене тәрбиесі
  • Ауырғанға қарсы электростимуляция
  • Кардиолог, невропатолог, травматолог-ортопедтердің кеңестері
  • Физиотерапевтік рәсімдер, УЖЖ-терапия
  • Дарсонвализациялау, магниттік терапия, электрофорез, Биоптрон аппаратымен сәулелі емдеу
  • Парафинмен емдеу, лазерлік терапия, инерефлекстік терапия, массаж.